Аймағамбетов: «Өмір бойы бір диплом» сценарийі маңызды емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мақсатында университеттерге академиялық және атқарушы дербестік берілді. Үкімет отырысында Асхат Аймағамбетов осындай мәлімдеме жасады.

Осыған орай университеттер Министрлік бекіткен үлгілік оқу жоспарларының орнына, білім беру бағдарламаларын дайындағанда жұмыс берушілердің кәсіптік стандарттарын негізге алады.Тиісінше жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлеуге көшіп, 9371 бағдарлама әзірленді. Төртінші индустриялық революцияға байланысты әлемдік еңбек нарықтың негізгі проблемаларының бірі «дағдылардың тез ескіруі» болып табылады, - деді Үкімет отырысында Аймағамбетов.

Оның сөзінше, енді «Өмір бойы бір диплом» сценарийі маңызды емес.

Сондықтан Президенттің тапсырмасы бойынша Өмір бойы оқу тұжырымдамасы әзірленді. Бұл жұмыстың арқасында университеттер формалды емес және информалды білім алудың нәтижелерін танып, қабылдайтын болады, - деді Білім және ғылым министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы