Аймағамбетов не себепті AMANAT-тың қатарына қосылғанын айтты
Оқу-ағарту экс-министрі Асхат Аймағамбетов не себепті «AMANAT» партиясының қатарына қосылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Нақты ұсыныс «AMANAT» партиясынан болды. Басқа партиялардан ұсыныс болып, таңдау болды деп айтпаймын. Бұл партияның (AMANAT - ред.) қандай әлеуеті бар екенін бәріміз білеміз. Сондықтан бұл мүмкіндіктерді елімізді дамыту үшін пайдалануды дұрыс деп санаймын, - деді Аймағамбетов партияның съезі аяқталған соң журналистерге берген сұхбатында.
Партияның мүшесі атап өткендей, қазір елімізде үлкен өзгерістер болып жатыр.
Осы өзгерістерге өзіміздің үлесімізді қоссақ, жақсы нәтиже болады деп сенеміз, - деп толықтырды ол сөзін.
Бүгін партияның кезектен тыс съезінде Асхат Аймағамбетов Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде тіркелген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы