Аймағамбетов мектептердегі 13,5 мың қызметкердің жалақысын көтеру туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында сенатор Динар Нөкетаева мектептегі кітапханашылардың жалақысын арттыру туралы мәселе көтерді.
Мәдениет саласындағы жалпы халыққа қызмет көрсететін кітапхана қызметкерлерінің жалақысы 30-50 пайызға көтерілді. Алайдв мектептегі кітапханашылардың еңбекақысы сол күйінде қалды. Ал жас ұрпақты тәрбиелеу мен ұлттық құндылықтарды сақтау тұрғысында осы мамандардың атқаратын рөлі зор. Ендеше, білім ұйымдарындағы кітапханашылардың жалақысы басқа кітапханашылармен қашан теңеседі?,- деп сұрады депутат білім және ғылым министрінен.
Министр Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мектеп кітапханашылары барлығы білім қызметкерлері болып саналады. Сол себепті мәдениет саласындағы кітапханашылардың жалақысын арттыру науқанына ілікпей қалды деп отыр.
Бүгінде мектеп кітапханаларында 13,5 мың адам жұмыс істейді. Білім саласында қызмет ететін кітапханашының жалақысы мәдениет саласындағы әріптестерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ал жұмыс мазмұны бірдей және өзіңіз білесіздер, әсіресе, шалғайдағы елді мекендерде жалғыз кітапхана ғана жұмыс істейді, ол оқушыларды ғана емес, барлық тұрғынды кітаппен қамтамасыз етеді, - дейді Аймағамбетов.
Бүгінгі таңда осы мәселе бойынша арнайы жұмыс тобы құрылеан. Оған білім және ғылым министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, қаржы министрлігінің мамандары кірген екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы