23 Сәуір 2025 2025, 13:00
Фото: Мәжіліс
Аймағамбетов мектептерде ағылшын тілі сағаттарын көбейтуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ағылшын тілін оқытуға қатысты Үкіметке ұсыныс жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ағылшын тілін оқытуға қатысты Үкіметке ұсыныс жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында ағылшын тілін ерте – мектептен бастап сапалы түрде оқытуды әрі қарай күшейту қажеттігін айтты.
Кезінде Президенттің тапсырмасына сәйкес 3-4 сыныптар мен
10-11-сыныптарда ағылшын тілі сағатын аптасына 3 сабақтан 5 сабаққа дейін көбейтуді қолға алғанбыз. Бірақ бұл бастама толық іске аспады. Осы бағытты нақты іске асыруымыз керек, - деп айтты Аймағамбетов Мәжілісте.