Аймағамбетов: Медициналық көмек алатын кезде азаматтар квесттен өткендей болады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент көтерген мәселелерге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аймағамбетов атап өткендей, Президент Үкімет отырысында МӘМС жүйесін сынға алып, Үкімет алдына нақты міндеттер қойды.

Өкінішке қарай, шын мәнінде мәселе көп. МӘМС моделін толық қайта қарау қажет. Тегін медициналық көмек көлемінің кепілденген пакетіне кіретін тізім жеткілікті деңгейде анықталмаған, азаматтар медициналық көмек алуға тырысқан кезде, квесттен өткендей қиындықтарға тап болады, - дейді депутат.

Аймағамбетовтің айтуына қарағанда, клиникалық протоколдар лайықты түрде жаңартылмайды олар бақылаусыз жаңа зерттеулер мен дәрі-дәрмектермен толықтырылады. Бірақ МӘМС-тің бюджеті рекордтық деңгейге жеттсе де, медициналық ұйымдар зор кредиторлық қарызға батты. Ал азаматтар медициналық қызметтерді өз қалталарынан төлеуге мәжбүр.

Кеше жаңа денсаулық сақтау министрінің кандидатурасын келісу кезінде, біздің депутаттар осы мәселелерді көтерді. Атап өтейін, министр бұл мәселелердің барлығын шешудегі көзқарасы ұстанады. Бұл позиция өзгермей, тиімді іске асырылады деп үміттенеміз. Бұл жағдайдың құрбандары тек қолжетімді медициналық көмек алмаған азаматтар ғана емес, сонымен қатар медицина қызметкерлері. Неге? Қаражат тапшылығынан олар протоколдарға сәйкес емдеуде шектеулі: барлық қажетті зерттеулерді немесе емдеуді тағайындай алмайды және нәтижесінде, жауапкершілікке тартылу қаупімен бетпе-бет келеді, - деп айтты Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, азаматтардан немесе бизнестен міндетті медициналық сақтандыру қорына (ММСҚ) жарналарды арттыру мәселені шешпейді. Аймағамбетов денсаулық сақтау саласында жүйелі реформалар қажет екенін айтты. Бұған қатысты тапсырманы бүгін кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы да берді.
 

Барлық азамат үшін түсінікті және анық медициналық қызметтер тізімі қажет, олар әркімге қолжетімді болуы тиіс. Мемлекет басшысы бұл бағытта нақты шешім қадамдарын көрсетті. Үкімет бұл міндетті тиімді жүзеге асырады деп үміттенемін, - деп айтты Асхат Аймағамбетов.

Президент медициналық сақтандыру жүйесінің қызметін қатаң бақылауды тапсырғанын еске салайық

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы