Аймағамбетов МӘМС-ті сынға алды: Ауруханалар 550 млрд теңге ала алмай қалды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов МӘМС жұмысын сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаңтардың соңында үкіметтік сағат өтеді, онда Денсаулық сақтау министрлігінің есебі тыңдалады. Сол кезде Президент тапсырмалары мен өткен жылғы шешімдердің қалай орындалғаны анықталмақ. Денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру мәселесі шешілудің орнына одан әрі күрделене түскен, – дейді Аймағамбетов.

Депутат екі негізгі мәселеге тоқталды:

Мемлекет өздері үшін төлеуге мүмкіндігі жоқ 15 санаттағы азаматтар үшін қорға жарналарды төлейді (еск - жүкті әйелдер, зейнеткерлер, балалар, студенттер және т.б.). Алайда заң бойынша (26-бап), жарналар орташа жалақы негізінде есептелуге тиіс. Іс жүзінде есептеулер медициналық жалақы негізінде жүргізілуде. Нәтижесінде, тек 2024 жылы ауруханалар 300 млрд теңгеден қағылды. Бұл қаражаттың жетіспеуі неге әкеледі?, – деді ол.

"Азаматтарға кедергі келтіріп отыр"

Ұзын-сонар кезектер, кешіктірілген операциялар, сапасыз қызмет. Бюджеттен қаражаттың жетпеуі медициналық ұйымдардың жұмысын қиындатып, азаматтардың уақытылы ем алуына кедергі келтіріп отыр, – деп жазды депутат.

Аймағамбетов республикалық бюджет туралы заңның бұзылғанын айтады.

Бұл енді мүлдем ақылға сыймайтын жағдай. Тіпті заңсыз медианалық жалақы бойынша есептелген азайтылған сомалар да толық төленбеді. 2024 жылы ауруханалар тағы 252 млрд теңге ала алмады. Жиынтық қаржыландыру тапшылығы 2024 жылы 550 млрд теңгеден асты. Бұл виртуалды ақша емес. Бюджеттен бөлінбеген қаражат — бұл мыңдаған операциялар, реабилитация, дәрі-дәрмектер, ауруханалардағы кезектер, МРТ, КТ және біздің азаматтарымыз үшін өмірлік маңызды басқа да емдеу шаралары, – дейді депутат.

Мемлекет азаматтардан өз жалақысынан ай сайын жарна төлеуді талап етсе, ол өз міндеттерін де бірінші орындауға тиіс.

Екіжүзді ереже халықтың сенімін төмендетіп қана қоймай, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына кері әсер етеді және медициналық қызметтерді қолжетімсіз етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы