Аймағамбетов ғалымдарды төсбелгімен марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарада ғылым саласына үлес қосқан ғалымдарды марапаттады.
Онлайн форматта өткен салтанатты шарада еліміздегі ғылым саласының дамуына зор үлес қосқан ғалымдар «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және басқа да ведомстволық наградалармен марапатталады.
Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес көп жылғы еңбегі және отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін:
1. Шайхин Серік Мырзахметұлы - «Еңбек ардагері» төсбелгісімен;
2. Кетегенов Тілек Айтмұханұлы - «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен;
3. Сейілов Шахмаран Жүрсінбекұлы - «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен;
4. Мылтықбаева Ләзат Аманбекқызы - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен;
Сонымен қатар ғылым саласының бірнеше қызметкері алғыс хатпен, «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Министр пандемия жағдайына байланысты марапат алған әріптестің бәрін шақыруға мүмкіндік болмағанын айтты.
Ғылым саласына біраз оң өзгерістер бар. Десе де шешетін мәселелер аз емес. Бұл бағыт бойынша министрлік тиісті жұмысты атқарып отыр. Сіздермен бірлесіп еліміздің ғылым саласын әрі қарай дамытатынымыз туралы айтқым келеді. Барлықтарыңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін, Жаңа жобалар мен жеңістер көп болсын! – деп қорытындылады министр.
Айта кетейік, бүгін елімізде Ғылым саласы қызметкерлерінің мерекесі аталып өтуде.