БҒМ: БАҚ тексеру нәтижесін біржақты таратқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің тапсырмасымен "Adal Bilim" жобалық кеңсесі министрлікке қарасты ұйымдарды тексергенін атып өтті. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Баршаңызға мәлім біз қайта ұйымдастыруды бастадық. Сонымен қатар, менің тапсырмаммен "Adal Bilim" жобалық кеңсесі министрлікке қарасты ұйымдарды тексерді. Тексерістің нәтижесінде біраз мәселелер анықталып, қазіргі таңда тиісті шаралар қабылдануда. Бірақ БАҚ-тарда таралған ақпарат осы жұмысты толық ашпай, біржақты болып кетті. Осыған назар аударуды сұраймын. Біз мұндай талдауларды әлі де жүргізетін боламыз. Ендігі кезекте университеттер тұр", - деп жазды министр.
Естеріңзег сала ктейік, бүгін БҒМ-ға қарайтын ұйымдардың құйтырқы әрекеттері белгілі болғанын жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада пәтерлер тек кезек бойынша беріледі – әкім кеңесшісі
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы