Аймағамбетов 1-сынып оқушыларына Әліппе табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қосшы қаласындағы №2 орта мектепке барып, Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.


 


 

Бүгін бас ұстаздың қатысуымен Білім күніне арналған салтанатты іс-шара Ақмола облысы Қосшы қаласындағы №2 орта мектепте өтті.


 


 

Бұл мектепте 4 886 оқушы оқиды. Оның ішінде 635 бүлдіршін биыл 1-сыныпқа барды.


 


 

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар, сіздерді Білім күнімен құттықтаймын! Пандемияға байланысты 1,5 жылдай қашықтан оқуға тура келді. Биылғы оқу жылын дәстүрлі түрде оқуға мүмкіндік туып отыр. Жалпы ел бойынша 7 500 мектепте 3,6 млн бала жаңа оқу жылын бастап отыр. 1 қыркүйек - әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше, - деп атап өтті министр. 


 


 

Аймағамбетов атап өткендей, қашықтан оқу білім алу процесінің маңыздылығын, сондай-ақ мұғалімнің рөлін айқын көрсетіп берді.


 


 


 


 

Біздің ұстаздар пандемияға қарамастан онлайн форматқа тез бейімделіп, балаларымызға білім берді. Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі, 1-сыныпқа Әліппені қайтарып отырмыз. Әліппенің негізі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесіне сай қаланған. Бұл бұрыннан бар дүние, біз оны жаңғыртып отырмыз. Осылайша, еліміздегі барлық бүлдіршін алғаш рет Әліппені қолдарына ұстап отыр. Жаңа оқу жылы табысты болсын! - деді құттықтау сөзінде Асхат Аймағамбетов. 



 


 


 

Салтанатты іс-шара барысында Асхат Аймағамбетов 1-сынып оқушыларына Әліппе оқулығын табыс етті.


 


 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы