Аймағамбетов: ЖОО оқытушылары еңбекақысын ұлғайтуды міндеттейміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуі барысында жоғары оқу орындарындағы еңбекақы мәселесіне тоқталды.
Жоғары білім беру бойынша тоқтала кетсем, жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі артып келеді, соңғы төрт жылда мемлекеттік тапсырыс 1,3 есеге артты. Тиісінше, биыл грант саны 53 мыңнан асады. Президенттің тапсырмасы бойынша биылдан бастап грант құны артып келеді. Өздеріңіз білетіндей, ол 10 жылға жуық уақыттан бері өзгерген жоқ. Бұл ретте біз мемлекеттік жоғары оқу орындарын еңбекақы мөлшерін ұлғайтуға міндеттеп отырмыз, - деді министр.Асхат Аймағамбетов грант құнының артуы педагогтар жалақысының өсуіне әсер етуі маңызды екенін айтты.
Біз қазір еңбекақы төлеу қорына жалақының ең төменгі шегін белгілеу жөніндегі мәселені талқылап жатырмыз. Грант құнының артуы педагогтар жалақысының өсуіне әсер етуі өте маңызды. Жекелеген жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың жалақысы 70-80 мың теңгені құрайтынын айтқан кезде, бұл мүлдем қисынсыз сандар екенін ескеру керек, - деді ол.
Министр соңғы жылы жалақы мөлшері 70, 50, 20%-ға айтарлықтай өскенін жеткізді.
Бірақ, әлі де әлеует, деп ойламыз. Мемлекеттік тапсырыс құнының артуына байланысты ЖОО-лар да жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын ұлғайтатын болады деген сенімдеміз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы