Аймағамбетов жалақысы 70 мың теңге мұғалімді сипаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясының қорытындысы сөз болған баспасөз мәслихатында педагогтардың еңбекақысы қалай есептелетінін айтты.
"Педагогтарға жалақы төлеу айтарлықтай күрделі жүйе. Бұл туралы БАҚ-қа байқап сөйлейміз. "Орташа еңбекақы қанша?" деп сұрағанда, орташа төлемді айтасың. Барлығы наразы болады. Педагогтарға қосымша үстеме ақы қосылады. Біреудің сыныбы болса, сол үшін алады. Дәптер тексергенге, ауылда, шағын жинақты мектепте жұмыс істесе, ерекше оқыту қажеттілігі бар балаға, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ берсе, жоғары не 1, 2-санатына алады. Сол себепті педагогтардың еңбекақысы туралы кестеге қарап айту керек", - деді білім және ғылым министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Тамыз конференциясы туралы баспасөз мәслихатында.
Ол 70 мың теңге жалақыны қандай мұғалім алатынын айтып берді.
"Еңбек өтілі 0-ден 5 жылға дейін қала мектебінде, ағылшын тілінде сабақ бермейтін мұғалімді алсақ, еңбекақысы шартты - 70 мың теңге. 70 мың теңге бұл - ағылшын тілінде сабақ бермейтін, сыныбында ерекше оқыту қажеттілігі бар бала оқымайтын 5 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жас маманның жалақысы. Журналистерді жалақы туралы айтқан кезде нақты кімдікі екенін айтуын сұраймын", - деді Аймағамбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Асқар Жұмағалиев Павлодардағы ХҚКО жұмысымен танысты
Өзгелердің жаңалығы