Аймағамбетов: Заңда тек лозунгтар болмауы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылдың 31 желтоқсанында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Педагог мәртебесі туралы" заңға қол қойған болатын.
Заңның негізгі мақсаты - педагогтардың мәртебесін арттыру, жүктемені азайту, педагогтарды күтпеген тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, педагогтар үшін өзге де ынталандыруларды белгілеуге байланысты мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу.
Керек болғанда мұғалімдеріміз маңызды кездесулерде зал толтырып, аула аралап, құжат жинау керек болғанда да қоғам болып мұғалімдердің көмегіне жүгінетіні рас. Мұғалімдерден "Біз балаларға білім беруіміз керек пе әлде аула аралап, басқа жұмыс жүргізуіміз керек пе?" деген сауалдар жиі келіп жататын. Жасыратыны жоқ, педагогтердің арасында қызметіне кірмейтін жұмысқа тарту, шамадан тыс есептілік, негізсіз тексерулер жүргізу мәселелері Заң қабылданғанға дейін өзекті болған еді. Шын мәнінде жүзеге асырылуы үшін заңда тек лозунгтар болмауы керек. Заң тиісті нормалармен және тетіктермен қамтылмаса, дұрыс жүзеге аспайды. Сондықтан бұл мәселеге баса назар аударылып, нақты санкциялар қарастырылған. Мұғалімдер өздеріне тән емес функцияларға тартылатын болса, тиісті жаза қаралған. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексіне сәйкес осы нормаларды бұзғаны үшін ескерту; бір жылдың ішінде қайталап бұзғаны үшін – лауазымды тұлғаларға қатысты 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған, - деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Қазақстан" ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Сегіз адам қар құрсауынан құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы