Айканың тізімі: Қылмыстық іс қайта қаралды

Алматы қалалық сотында М. мен Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі күшіне енді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот М.-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз алу, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ 52 эпизод бойынша жеңгейтайлықпен айналысу бойынша кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Т. жеңгетайлыққа көмектесті деп танылып (ҚК 28-бабының 5-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы) 3 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталушылар үкімге апелляциялық шағым берген. Апелляция, қылмыстық істі зерттей отырып, сотталғандарға қатысты айыптаудың толық растауын тапқанын атап өтті. 2020-2023 жылдар аралығында М., Т.-мен бірге женгетайлық ұйымдастырып, қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін пайдаланды. М. осы қызметтерден жеке өзіне немесе өз көмекшісі Т. арқылы пайыз алды.Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді,- деді Алматы қалалық сотының баспсөз қызметі.

Апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы