«Айка» тізімі қалай жарияланып кетті? – ІІМ жауап берді
Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың журналистердің «Айка» тізіміне байланысты қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл факті бойынша қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс аяқталғаннан кейін ақпарат береміз, - деп айтты министр Мәжілістің кулуарында.
Ержан Саденов тізімді кім таратуы мүмкін екеніне болжам жоқ екенін айтты.
Әлеуметтік желілерде осы ақпарат тарап кетті. Қызметтік тексеріс жұмыстарын бастап кеттік. Қазіргі таңда тексеріс жалғасып жатыр, - деп толықтырды ол сөзін.
ІІМ басшысы «тізім жалған болуы мүмкін бе?» деп қойылған сұраққа бәрін қызметтік тексеріс көрсететінін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жезөкшелікпен айналысқан топтың жетекшілері ұсталған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанайдағы жарылыс. Үйінді арасынан екі адам табылды
Өзгелердің жаңалығы