"Айка" тізімі: Полицейлер қандай жұмыс жүргізді

ІІМ басшысы Ержан Саденов "Айка" тізіміне қатысты депутаттың қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев осы тізім таралып кеткеннен кейін ІІМ қандай жұмыс жүргізгенін сұрады.

"Айка" тізімі бойынша әлеуметтік қаншама ақпарат тарады. Заң аясында осы мәселе бойынша қандай жұмыс атқарылды? – деп сұрады ол.

ІІМ басшысы Ержан Саденов осы факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.

Біріншіден, ол қылмысты анықтадық. Оның тізімі таратылған кезде бірден қызметтік тексеру жүргізілген болатын. Енді қылмыстық іс қозғалғаннан кейін соның шеңберінде тексеріс жүргізіп жатырмыз, - деп жауап берді министр.

Былтыр әлеуметтік желілерде осы тізім тарап кеткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы