Әйгілі үнді шахматшысы астаналық бүлдіршіннің тұсауын кесті

Гроссмейстер, Үндістан тарихындағы ең ұлы шахматшы, шахматтан 15-ші әлем чемпионы Виши Ананд 1 жасқа толған астаналық кішкентай Әбдірахманның тұсау кесу рәсімне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның шахмат федерациясының мәліметінше, салтанатты шара басталмас бұрын шахматшы балаға өсиетін айтқан.

Тұсаукесерді осы айға жоспарлап отырғанбыз. Дәл қазір астанамызда осындай ауқымды шахмат мерекесі өтіп жатқандықтан, біз тәуекел деп даңқты шахматшыға ұсыныс жасадық. Ол кісінің ұсынысымыздан бас тартпағанына өте ризамыз, – деп ағынан жарылды Әбдірахманның анасы.

Сәбидің тұсауын кескен шахматшыға бүлдіршіннің ата-анасы шапан жапты.

Баланың тұсауын кесу мен үшін мәртебе. Әбдірахманға бар жақсылықты, зор денсаулық пен бақыт тілеймін. Балам, өмір бойы сені бақытты ететін мамандықты таңда, - деді Ананд.

Одан кейін шахматшы жіпті қиып, баланы анасымен бірге ақ кілем үстінен жетеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сергей Алексеенок
Өзгелердің жаңалығы