29 Шілде 2023 2023, 19:18 Фото: Gianluigi Buffon

Әйгілі қақпашы Джанлиуджи Буффон мансабын аяқтайды

Италия құрамасы мен «Ювентустың» бұрынғы қақпашысы Джанлиуджи Буффон жақын арада мансабын аяқталуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Италия құрамасы мен «Ювентустың» бұрынғы қақпашысы Джанлиуджи Буффон жақын арада мансабын аяқталуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол бұл туралы ресми жарияламақ, деп жазады инсайдер Маттео Моретто Twitter парақшасында.

45 жастағы Буффон мансабының көп бөлігін «Ювентуста» өткізді, туриндік клубта ол 700-ге жуық ойынға қатысты.

2021 жылы жазда ол «Пармаға» ауысқан. Буффон өткен маусымда Италия В сериясында 17 кездесуде алаңға шықты.