Әйгілі Мэнни Пакьяо президент болғысы келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппиндік боксшы және сенатор Мэнни Пакьяо атымен танымал Эммануэль Дапидран Пакьяо 2022 жылғы сайлауда президенттікке үміткер болады. Бұл туралы CNN Philippines-тің Twitter парақшасы хабарлады.
Мэнни Пакьяо "Филиппин демократиялық партиясы - Халық билігі" фракциясының (PDP-Laban) атынан үміткер болады.
Бұған дейін "Филиппин демократиялық партиясы - Халықтың билігі" (PDP-Laban) Филиппин президенттігіне сенатор Кристофер Бонг Гоға үміткер болуды ұсынған, бірақ ол бұған мүдделі емес екенін айтқан болатын.Сенатор Мэнни Пакьяо 2022 жылғы сайлауда президенттікке үміткер болатынын хабарлады, - делінген CNN Philippines таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, қыркүйекте Филиппин президенті Родриго Дутерте PDP-Laban фракцияларының бірінің отырысында 2022 жылғы сайлауда ресми түрде вице-президенттікке үміткер ретінде ұсынылғаны белгілі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Cerebra Al-lab» жобасы инсультті 10 минутта анықтайды
Өзгелердің жаңалығы