Бүгiн 2026, 12:51 Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Әйгерім Сәттібаева бокстан Азия чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды

Ұлан-Батырдағы Азия чемпионатында Әйгерім Сәттібаева өзбекстандық қарсыласын 3:2 есебімен жеңіп, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Ұлан-Батыр (Моңғолия) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Сабина Бобокуловамен кездесті.

Тартыстың жекпе-жектің қорытындысы бойынша Әйгерім Сәттібаева 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Ал 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында шаршы алаңға шыққан Ұлжан Сәрсенбек Таиланд өкілі Пунрауре Руенросқа есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.