Әйелінің бизнесіне қамқорлық жасаған атыраулық шенеунік енді өмір бойы мемқызмет атқара алмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңіраралық байланыс инспекциясы басшысының м.а. сыбайлас жемқорлық үшін сотталды.
Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" РММ басшысының м.а. И. Қошалиевке қатысты кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, ол мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлға бола отырып, белгіленген тыйымға қарамастан, байланыс саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жұбайына тіркелген "Ғасыр Қазсвязь" ЖШС-ін басқаруға және осы ЖШС-не артықшылықтар мен қамқорлық көрсете отырып, байланыс саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған.
2019 жылғы 26 желтоқсанда Атырау қаласы №2 сотымен И. Қошалиев заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысқаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен 1 млн 262 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.