Әйелі күйеуін бірнеше күнге қоймаға қамап қойған

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Монро қаласында әйел өзінің күйеуін қоймаға қамап, оны бірнеше күн бойы сол жерде қалдырып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC7-ге сілтеме жасап.

Оқиға ақпан айының соңында болған. Полиция жеке қойма-жайлары бар сақтау қоймасына шақырту алған. Сол жерден көмек сұраған ер адамды тапты. Олардың айтуынша, оны сол жерде әйелі, 52 жастағы Робин Дитон жауып тастаған. Дитон бұрынғы ғашығымен қарым-қатынасы бар деп күдіктенген. Ал қамалған Гэри Оксендин бірнеше күн бойы қараңғыда, тамақсыз және сусыз отырғанын айтады.

Алайда Дитон қамауға алынғаннан кейін күйеуінің сөзі өзгеріп шыға келген. Оның жаңа түсініктемесі бойынша, екеуі қоймада бірге жұмыс істеген. Кейін Дитон тамақ алуға кетіп, сол кезде өзі заттардың арасында ұйықтап қалған. Әйел оны бірнеше рет шақырған, бірақ ол оянбаған. Кейін әйеліне күдік ұялап, Дитонды кетіп қалды деп ойлап, қойманың есігін жауып кеткен.

Оксендиннің қорғаштауына қарамастан, Дитонға айып тағылды.

Егер олар оны (әйелімді) босатып, мені орнына қамағысы келсе, мен дайынмын. Ол түрмеде болмауы керек, оның екі баласы бар. Бұл – таза сандырақ, – дейді күйеуі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы