18 Тамыз 2026, 20:16
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
«Әйелге әлімжеттік жасау – адамдықтың ең төменгі шегі»: Димаш Құдайберген зорлық-зомбылықты қатаң айыптады
Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық мәселесін көтеріп, отбасында күш көрсететін азаматтардың әрекетін қатаң сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өнер иесі өз жазбасында әйелді ұрып-соғуды мақтан көретіндердің қылығын ашық түрде айыптап, мұндай әрекеттің еркектікке еш қатысы жоқ екенін айтты.
«Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес – малсыңдар болды. Әйелге әлімжеттік жасап абырой жинаймын деу – адамдықтың ең төменгі шегі!», - деп жазды Димаш Құдайберген инстаграм парақшасында.