Әйелді ұрып-соғу, харассмент: Заңға қандай өзгерістер енгізіледі

Елордада БҰҰ қолдауымен ұйымдастырылған Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясы басталды. Жиында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов зорлық-зомбылықпен күрес мақсатында Қазақстан қандай заңға қандай өзгерістер енгізетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конференция «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: тиімді және тұрақты бірлескен шешімдерді іздеу» тақырыбына арналған.

Қазақстан адам құқықтары, әйелдер құқығы, гендерлік теңдік және басқа да көптеген халықаралық конвенцияны ратификациялаған. Бірқатар заң қабылданды, соның ішінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы», - деді Қошанов.

Сонымен қатар Қазақстанда Президенттің бастамасымен биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді.

Біз өтініш беру тәртібінен анықтау тәртібіне көштік. Бұл нені білдіреді? Бұған дейін істі қозғау үшін жәбірленушінің өз арызы қажет болатын. Енді зорлық-зомбылық фактілеріне жауап беру үшін құқық қорғау органдарына куәгерлердің немесе көршілердің «сигналы» ғана қажет. Бұл тәсіл шетелде бұрыннан қолданылып келеді, - дейді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері атап өткендей, Қазақстанда соңғы жылдары тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күрес аясында жазалау шаралары үнемі қатайтылып келеді.

Бүгінгі күні депутаттар осы саладағы заңнамалық жаңалықтардың жаңа пакетін әзірлеуге кірісті. Біз бірінші кезекте отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті криминизациялауды жоспарлап отырмыз. Егер қабылданса, онда денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айыру қарастырылады. Бас бостандығын шектеу сияқты жазаның бұл түрі толығымен алынып тасталады, - деп айтты Ерлан Қошанов конференцияда.

Мәжіліс төрағасы осы мәселеде Өзбекстанның тәжірибесі қызық екенін айтып, өзбекстандық әріптестеріне оны бөлісуді сұрады.

Биыл Өзбекстан тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті кринимизациялағанын білемін. Осы мәселе бойынша өз еліңіздің заңнамалық тәжірибесін бөліссеңіз, риза болар едік. Сондай-ақ «харассмент» ұғымын енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар қазір әйелдер «сталкинг» сияқты құбылыспен, яғни обсессивті қудалаумен жиі кездеседі. Мұндай әрекеттер үшін көптеген елде қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Біздің елдеріміз де осындай әрекеттер үшін жазаны қатаңдату туралы ойланатын кез келді, - деп түсіндірді Қошанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы