Әйелдерге өз үйінде де қауіпті - Хуан Беликов

Бұл туралы Орталық Азия бойынша БҰҰДБ «Жарық сәулесі» аймақтық бағдарламасының кеңесшісі Хуан Беликов тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауға арналған өңірлік кездесуде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Арнайы статистика көрсетіп отырғандай әйелдер үшін қоғамдық жерге қарағанда үй өте қауіпті жер болып отыр. Өйткені олар өз жұбайларымен оңаша, жабық ортады қалады. Өкінішке қарай, мұны біз мойындай бермейміз. Әсіресе  ер адамдар. Біз 21-ғасырда мұны біле тұра өмір сүріп жатырмыз және әлі де түсінбей келеміз. Бұл - факт, - деді ол.

Ол жиында жапа шеккен әйелдердің көбі болған жайтты айта бермейтінін жеткізді.

Жапа шеккендердің көбі басынан өткен зорлық-зомбылық туралы айта бермейді. Статистикаға сүйенсек, әлемде әйелдердің 70%-дан астамы кем дегенде бір рет жұмыс орнында зорлық-зомбылыққа душар болады. Ал  22% әйел көрген зорлығы туралы айтуға ұялады, - деп атап өтті сарапшы.

Айта кетейік, 18-19 қазан күндері елордада "Тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялаудың артықшылықтары мен кемшіліктері" тақырыбына арналған семинарда Орталық Азия елдерінің өкілдері өзінің тәжірибелерімен бөлісіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын талқылап жатыр және жиын соңында полиция мен дағдарыс орталықтарының өзара іс-қимылы тақырыбындағы пікірталас қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы