Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі – Әлтаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев осылай деді.
Мәжілісменнің айтуынша, әйелдерге қатысты жасалған зорлық-зомбылықты ауыр қылмыс санатына өткізу керек."Ауыр санатқа өткізетін болсақ, ең біріншіден, ол екі жақтың келісімімен шешілмейтін мәселе. Бәрібір ол аяғына дейін жеткізіледі. Одан кейін бас бостандығы жауапкершілігін көтеруіміз керек. Үшіншіден, зорлыққа тап болған әйел кісілерге сол кезде жағдайдың бәрі жасалуы қажет. Тергеу жасалып жатқан кезде кәсіби психолог бөлінуі тиіс. Одан кейін мемлекеттің қаржыландыруымен адвокат бөлінуі керек. Жалпы, бұндай жағдайда тап болған әйелдерге жан-жақты көмек көрсетілуі қажет", - деді Нұржан Әлтаев журналистерге берген сұхбатында.
Депутат тиісті заң жобасына өзгерістер енгізілетінін айтты. Әлтаев қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Атап өтсек, елордада "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатамыз" атты дөңгелек үстел өтіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көктөбе қайта өртеніп жатыр
Өзгелердің жаңалығы