Әйелдердің цифрлық сауаттылығы артып келеді – Өзбекстан Сенатының төрағасы

Әйелдердің цифрлық сауаттылығы артып келеді. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада Қазақстанның төрағалығы аясында БҰҰ қолдауымен Орталық Азия елдері әйелдері диалогының бірінші отырысы өтіп жатыр.

Жиында Қазақстанның Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалығының ресми ашылуы өтті.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева диалогқа Өзбекстан төрағалық еткенде қандай жұмыстар атқарылғанын қорытындылады.

Елдеріміз арасында маңызды тұрғыда өңірлік қарым-қатынас серпінді дамып келеді. Оның ішінде гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтарын қолдау. 2020 жылы Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы құрылған кезде елімізде жан-жақты түрде құқықтарды, мүдделерді және оны дамыту бойынша қоғамдық жұмыстар да, мемлекеттік істерді де дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Танзила Нарбаева диалогқа Өзбекстан мен Түркіменстан төрағалық еткенде маңызды құжаттар қабылданғанын атап өтті.

Өзбекстандық қонақ диалогқа Қазақстанды төрағалық етуімен құттықтады.

Қазақстанға нәтижелі жұмыс тілеп, өңірлерімізде жақсы жобалар іске асатынына сенемін, - деп айтты Нарбаева отырыста.

Ол атап өткендей, отырыстың тақырыбы өте өзекті.

Әйелдердің инновациялар мен технологияларды дамытудағы рөлі - елдеріміздің алдында тұрған міндеттердің бірі. БҰҰ-ның бағалауы бойынша, 3 млрд адам, оның көп бөлігі әйелдер мен қыздар әлі күнге дейін интернетке қол жеткізе алмай отыр. Әлемдік үрдістерді қарай отырып, сонымен бірге Өзбекстанның осы бағыттағы басымдықтары толықтай қайта қаралып, жетілдірілген болатын. Президенттің басшылығымен әйелдердің қоғамдағы рөлін белсенді түрде арттыру, олардың IT, инновация салаларындағы дағдыларын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының төрағасы.

Айтуынша, 6 жыл бұрын ЖОО-ларда 110 мың қыз оқыса, қазіргі кезде олардың саны 500 мыңға жеткен. Қазіргі кезеңде 1,5 млн әйел ғылыми жобаларға қатысып жатыр.

Былтыр Өзбекстандағы көшбасшы әйелдер диалогы ұлттық платформасы іске қосылды. Оған қазіргі кезде әртүрлі саладағы 200 әйел қосылған. Атап айтқанда, ғылым, бизнес, IT, спорт және т.б. салалар. Қысқа мерзім ішінде ұлттық платформа әйелдер арасында танымал бола түсті. Біз олардың прогресін көріп отырмыз. Жаңа идеяларды шығарып, ақпараттық технологияларды дамытып келеді. Әйелдердің цифрлық сауаттылығы артып келеді, - деп айтты Танзила Нарбаева отырыста.

Оның сөзінше, бүгінгі жиында өте маңызды ұсыныстар әзірленеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы