Әйелдердің өнімді арттыруға қосатын үлесі зор – Есімова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова Өңірде шағын орта кәсіпкерлік субъектілерін басқаратын әйелдердің үлесі 45,2%-ды құрайтынын айтты.
Қостанай аграрлы өңір және біздің облыста 365 000 ауыл тұрғыны бар. Статистикасы көрсеткендей, оның 184 мыңы немесе 50,5 пайызы әйелдер. Өңірлік экономиканы қалыптастыруға әйелдердің қатысуын біз бірнеше көрсеткішпен анықтауға болады. Өңірде шағын орта кәсіпкерлік субъектілерін басқаратын әйелдердің үлесі 45,2%-ды құрайды, - деді Есімова.
Ол атағандай, Қостанай облысында 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша әйел кәсіпкерлерінің пайызы 49,9%-ды құраған.
Әйелдер басқаратын шаруа немесе фермер қожалықтарының үлесі 26%-ды құрады. 2020 жылға жоба аясында облыстың 10 тірек және 3 ауылында 63 жобаны іске асыруға бюджеттен 5 772,3 млн теңге қарастырылған. «Дипломмен ауылға» жобасын іске асырудың арқасында 2009 жылдан бастап ауылдық жерлерге 5 мыңға жуық маман (4989 адам) келді, оның ішінде басым бөлігі білім беру саласына – 73%, денсаулық сақтауға – 17%, әлеуметтік қамсыздандыруға – 1%, мәдениетке – 4%, спортқа – 2% және ауыл шаруашылығына – 4% адам, - дейді Бақыт Есімова.
Облыс әкімінің орынбасары атап өткендей, биыл тағы 440 маманның келуі жоспарланып отыр.
Олардың басым бөлігі 256 адам білім беру саласына, 105 денсаулық сақтау саласына, сондай-ақ ауылдарға мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік қорғау мамандары келеді. Гендерлік саясатты іске асырудың маңызды индикаторы әйелдер басқаратын кәсіпорындардың пайызы болып табылады. 2019 жылдың соңында кәсіпорындар мөлшері бойынша бөлінген 29,7%-ды құрады: шағын кәсіпорындар – 29,9%, орта кәсіпорындар-29%, ірі кәсіпорындар-15,5%, - деді ол.
Ауылдағы әйелдер
Әйелдер кәсіпкерлігінің мысалы ретінде Динара Шүкіжанова басқаратын «Агромаш Холдинг KZ» АҚ-ны атап өткен жөн. Сүт өнімдерінің танымал өндірісін «ДЕП» ЖШС Дружинина Любовь Ивановна басқарады. Шығарылатын сүт өнімдерінің ассортименті 200-ден астам атауға ие.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алған ауылдағы әйелдер бизнесінің бірқатар оң мысалын атап өтуге болады.
Мәселен, биыл жерге орналастыру саласындағы бизнес идеяны іске асыруға мемлекеттік грантты жас кәсіпкер Алтынгүл Баймағамбетова Бейімбет Майлин ауданынан алды. Грант сомасы 5 млн теңгені құрады, оған кәсіпкер қажетті жабдық сатып алуды жоспарлап отыр.
Гранттық қаржыландырумен қолдау тапқан тағы бір жобаны Меңдіқара ауданының жас кәсіпкері Кристина Шапошник іске асырады. Кәсіпкер 3,8 млн теңге сомасындағы мемлекеттік грантты шиномонтаж жабдығын (станок, домкраттар мен аспаптардың әртүрлі түрлері) сатып алуға жұмсауды жоспарлап отыр.
«Бизнестің жол картасынан» басқа кәсіпкерлерге «қарапайым заттар экономикасы» өңдеуші өнеркәсіп салаларын қолдау бағдарламасы аясында қолдау көрсетіледі, оны іске асыру басталғаннан бері облыста 28,3 млрд теңгеге 184 жоба мақұлданды.
Көрсетілген қолдаудың жалпы көлемінен 1 043,4 млн теңгеге 37 жобаны (20%) әйелдер іске асырады, бұл ретте ауылдық жерлерде 332,2 млн теңгеге 27 жобаны (73%) іске асырады.
Осы бағдарламаны іске асырудың оң мысалдарының бірі Меңдіқара ауданында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру бойынша «Родник KST» ЖШС жобасы болып табылады. Кәсіпорынды Оксана Федоренко басқарады.