"Әйелдерден қысым көретін ерлер де бар". Әлтай еркектердің құқығына алаңдады

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай қоғамда еркектен қысым көретін әйелдер ғана емес, әйелдерден қысым көретін еркектер де бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлтай атап өткендей, отбасы – өте күрделі институт. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда түрлі келеңсіз оқиғалар болып жатыр. Солардың қатарында ер азаматтан қысым көрген әйел ғана емес, әйелдерден қысым көретін еркектер де баршылық.

Сонымен бірге өзінің қартайған шағында балаларынан қысым көріп отырған қарт ата-аналар да жетерлік. Біздің буынымызда "әкеммен ақылдасайын", "әкемнен сұрайын", "әкем біледі" деген түсінікпен өскен буын едік. Қазір "мамам біледі", "мамамнан сұранайын", "мамам шешеді" дейтін балалар көбейіп бара жатыр. Сондай-ақ кеше ғана Қарағандыда болған 78 жастағы кейуананың өз баласынан зорлық-зомбылық көруі – осының бірден-бір себебі. Өзінің білегінен әлі кетіп, бойынан қуат кеткен шағында өзінің туған балаларынан зорлық-зомбылық көретін ата-аналар да көбейіп бара жатыр, - деп алаңдады депутат.

Ол заң жобасының авторлары мен ІІМ-нен қоғамдағы ер-азаматтар құқығы және ата-аналардың құқығы қалай қорғалатынын сұрады.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқыланып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы