Әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған рейтингті жариялады
Әйелдер теннисі қауымдастығы 53-аптада жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан командасының үздігі Елена Рыбакина 4-орнын сақтап қалды. Айта кетелік, Рыбакина Майамидегі WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шығып, америкалық Даниэль Коллинзге есе жіберген болатын.
Тағы бір отандық спортшы Юлия Путинцева 50-ден 52-орынға көтерілді.
Жекелей сында польшалық Ига Швентек бірінші орында тұр. Екінші орында белоруссиялық Арина Соболенко, үшінші орында америкалық Кори Гауфф орналасқан.
Жұптық сында Анна Данилина 51-ден 54-ке сырғыса, Жібек Құламбаева 143-тен 142-ге шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен ICAO аэронавигациялық қызмет көрсету саласындағы бірлескен жұмысты жандандыруда
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы