МӘМС. Жүкті әйелдер қандай көмекті тегін алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңес беру мен диагностиканың тегін 14 түрінің ішінде жүкті әйелдер үшін тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу өте маңызды.

Бала туу жасындағы (яғни жүктілік үшін ең қолайлы) қазақстандық әйелдердің денсаулығының жай-күйі туралы статистика жаһандық процестерге сәйкес келетіндігін көрсетеді.

Мысалы, түсік түсіру саны 10 жылдан бері азайып келеді: 2010 жылы мың әйелге шаққандағы 23 жағдайдан 2018 жылы 15 жағдайға түсті. Шығыс Еуропа елдеріндегі және Ресейдегі сияқты жүкті әйелдер жылдан жылға клиникаларға уақытылы тіркелуге жауапкершілікпен қарайды: егер 2005 жылы 28% дерлік кеш тіркелсе, 2018 жылы бұл көрсеткіш 15%-ға дейін төмендеді.

Жүкті әйелдер мемлекет МӘМС жүйесіне сақтандыруға аударым жасайтын азаматтардың 15 жеңілдік санаттарының біріне енеді. Бұл болашақ аналарға медициналық-генетикалық қызметтердің құны туралы алаңдаудың қажеті жоқ екенін білдіреді: оларға тұқым қуалаушылық патологиясын анықтау үшін ең қымбат скринингтер мен генетикалық сынақтарды қоса алғанда ақысыз қызмет көрсетіледі. Мысалы, МӘМС пакетіне әйелдердің қатерлі ісік ауруын анықтауға көмектесетін ФИШ-әдісі сияқты заманауи молекулярлық цитогенетикалық зерттеу түрі кіреді.

Жадынамада МӘМС пакетінде алуға болатын тегін медициналық-генетикалық қызметтердің толық тізімі жинақталған. Қосымша ақпарат алуға болатын медициналық сақтандыру қоры байланыс орталығының 1406 нөмірлі телефонын сақтап қоюды ұмытпаңыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы