Әйелдер сұлу болу үшін қанша ақша жұмсайды
Қазақстанның сұлулық индустриясы өткен жылы 89,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылы косметологтар мен сұлулық салондары көрсеткен қызметтер көлемінің жалпы сомасы 89,9 млрд теңге болған.
Мәселен, өткен жылы әйелдерге көрсетілген шаштараз қызметінің көлемі 28,5 млрд теңге болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,1 есе көп.
Ал ерлер шаштараздарының көрсеткен қызметтерінің жалпы сомасы 10,6 млрд теңге, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,2 млрд теңгеге артық.
Маникюр мен педикюрді қоса алғанда көрсетілген косметикалық қызмет көлемі өткен жылы 22,2 млрд теңге болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 10,4 млрд теңге болған.
Статистика бюросының мәліметінше, сұлулық салондарындағы өзге де қызметтер көлемі 28,4 млрд теңге (2021ж. – 11,2 млрд теңге).
Айта кетейік, 2023 жылдың маусымында шаштараз бен сұлулық салондарындағы қызмет бағасы өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 15,1% өсті.