Әйелдер қауымы қоғамның барлық саласында айтулы жетістіктерімен қуантып жатыр - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ардақты аналар, аяулы аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Әйел жанының жылулығы мен сұлулығы, даналығы мен нәзіктігі, мейірімі мен кеңдігі әлемге рух береді. Халқымыз нәзік жандардың тіршіліктегі маңызын «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді» деп бір ауыз сөзбен жеткізген. Отан, Ана тілі, Туған жер сияқты адамзат баласы үшін қасиетті ұғымдар да анамен байланыстырып айтылады,-деді ол.
Министр атағандай, әйелдер қауымы аяулы ана, адал жар ретінде отбасының жылуы мен шаңырақтың шырайын келтіріп қана қоймай, қоғамның барлық саласында қажырлы қызмет, еселі еңбек етіп, айтулы жетістіктерімен қуантуда.
Сіздерді шуақты көктем мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, баянды бақыт, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке тілейміз,-деді ол.