Әйелдер күресінен Қазақстан командасы жеті медаль жеңіп алды
Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Амманда (Иордания) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Камила Апекова (50 келі), Шұғыла Өмірбек (57 келі) және Тыныс Дубек (62 келі) күміс жүлдегер атанды.
Қола медаль иегерлері қатарында Зейнеп Баянова (53 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Бейбіт Сейдуалы (68 келі) және Алина Ертөстік (76 келі) бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы