Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамы
Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған орай "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің № 56 Жарлығына өзгерістер енгізілді. Яғни:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің тендігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;";
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері жанындағы комиссиялардың қызметін үйлестіруге, олардың қызметі туралы есептерді тындауға;";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген Жарлықта.
Балаева | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Ысқақова | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
Рамазанова | - қоғам қайраткері, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
Сүлеймен | - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
Тарасенко | - қоғам қайраткері, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
Абден | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Ағыбаева | - еңбек және кәсіподақ құқығы саласындағы сарапшы, "Academy of labour relations" бас директоры (келісім бойынша) |
Адамбеков | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Адиева | - "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры (келісім бойынша) |
Әбдірахманова | - "International Business School" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Байсақова Зульфия | - "Дағдарыс орталықтары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Гурина Марианна | - "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша) |
Жанғазинова Назым | - медиакоммуникация саласындағы сарапшы, "NazymPR" PR-бутигінің негізін қалаушы (келісім бойынша) |
Жандосова | - "Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі" қоғамдық бірлестігінің филиалы - Шымкент қалалық әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Жүгінісова | - кәсіпкер, продюсер, "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Зұлқайыров | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары |
Имашева | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Каримова | - "Самұрық-Қазына" АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Каринова | - "AMANAT" партиясының хатшысы, партияның әйелдер қанатының төрағасы (келісім бойынша) |
Қажыбаева | - "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша) |
Қалтаева | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Қанай Гүлмира | - "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы - ректоры (келісім бойынша) |
Қарабасова | - "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша) |
Қожалы Тоғжан | - қоғам қайраткері, "HAQ" қайырымдылық қорының негізін қалаушы (келісім бойынша) |
Қожахметова | - "Talbesik" көпбалалы аналар одағы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша) |
Миронюк | - "Ұлттық волонтерлік желі" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Молдашева | - "Семей таңы газеттері - Вести Семей" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры - бас редакторы (келісім бойынша) |
Омарова Айман | - адвокат, құқық қорғаушы, "AU" онлайн-құқық мектебінің негізін қалаушы (келісім бойынша) |
Омарова Гүлнар | - "Senimen Bolashaq" республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі (келісім бойынша) |
Семидоцких | - кәсіпкер, "Қазақстанның орыс, славян және қазақ ұйымдары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі филиалы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облысы Аналар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) |
Тасбергенова | - "Рухани қазына" қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша) |
Хасенов | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі, құқықтық мәселелер жөніндегі халықаралық сарапшы (келісім бойынша) |
Шанаи | - Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Шөжеева | - кәсіпкер, "Techno Woman" коммерциялық емес ұйымының президенті, "Цифрлық трансформация" қоғамдық қорының жетекшісі (келісім бойынша) |