Әйел денсаулығы үшін таптырмайтын ең жақсы 5 өнім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эндокринолог-диетолог әйелдің диетасында болуы керек өнімдерді атады, деп хабарлайды РИА Новости.
Санкт-Петербургтегі «СМ-клиниканың» эндокринолог-диетологы Виктория Гончар әйелдер денсаулығы үшін таптырмайтын ең жақсы 5 өнімді атады.
Дәрігер бірінші орынға авокадоны қойған, оның құрамында адам ағзасына қажетті заттардың көбі бар дейді.
Эндокринолог оның құрамында макро-және микроэлементтер бар екенін айтты. Мысалы: селен, магний, калий, Е және D дәрумені, сонымен қатар В дәрумендері.
Екінші орында сүт өнімдері, оның құрамында өте көп кальций бар.
Сүт өнімдерінде триптофан, серотониннің прекурсорлық амин қышқылы бар. Бүгінгі таңда сүт өнімдерін кешке тұтынудың қажеті жоқ деген пікір бар, бірақ 100 грамм майсыз сүзбе немесе 20-30 грамм қатты ірімшік инсулиннің көтерілуіне тудырмайды, - деп түсіндірді маман.
Сонымен қатар әйелдер үшін пайдалы өнімдер тізіміне қызыл ет сорттарын енгізді, өйткені олардың құрамында темір бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
11 жасар бала көз жұмды: Қарағанды облысында мотоциклдегі жасөспірімдерді жеңіл көлік қағып кетті
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы