Әйелдер боксынан ел спартакиадасының алғашқы жарыс күні аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте әйелдер боксынан Қазақстан Спартакиадасының іріктеу айналымы өтуде. Бірінші жарыс күнінде спортшылар алты салмақ дәрежесінде бақ сынады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Әлия Юсупова атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан боксшылар додасы 18 мамырға дейін жалғасады.
Спартакиададағы алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен аяқтағандар қатарында ұлттық құрама ардагерлері Ангелина Лукас (51 келі) пен Аида Оңдаш (81 келі) және Анель Құдайберген (48 келі), Жансая Әбдірайымова (51 келі) сынды жас спортшылар бар.
54 келіде Динара Жәмірова, 60 келіде Анджа Сәдуақасова мен Лаура Есенгелді, 69 келіде Мадина Жөкенова, 81 келіде Алтын Мұқышпековалар келесі кезеңге өтті.
Бүгін шаршы алаңға 54, 57,64, 75 және 81 келіден жоғары салмақтағы боксшылар шығады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Цифрлық агент" қосымшасы арқылы сот жұмысы бағаланады
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы