Әйел батырманы қателесіп басып, 26 миллион теңге ұтып алды

АҚШ-тың Огайо штатында тұратын Нэнси есімді әйел кездейсоқ ірі сомада ақша ұтып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі UPI басылымына сілтеме жасап.

Нэнси лотерея билеттерін сататын вендинг аппаратының батырмасын шатастырып басқанын айтты. Соның нәтижесінде ол сатып алмақшы болмаған басқа билет алыпты.

Алайда дәл сол билет оған сәттілік әкелген: Нэнси 50 мың доллар (шамамен 26 190 000 теңге) көлемінде ұтысқа ие болды.

Айтуынша, ол бұл ақшаны үйіне қосымша құрылыс салуға жұмсамақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы