5 Мамыр 2023 2023, 10:03

Әйел араласқан істе береке бар – Аида Балаева

Елордада «Гендерлік теңдік» бағдарламасына қатысқан білім алушылардың салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада «Гендерлік теңдік» бағдарламасына қатысқан білім алушылардың салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бағдарлама ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен құрылған. Негізгі мақсаты - басқару бағытындағы көшбасшы әйелдердің үлесін арттыру.

ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева әйелдердің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті.

Әйел азаматтарын қолдау - Мемлекет басшысының назарындағы мәселе. Әйелдердің бастамалары мен басшылық сатыда алға басып жүруін өзі жеке қадағалап отырады. Қоғамның әр саласында қыз-келіншектердің саны артып жатқаны барлығымызға мәлім. Бүгінгі жасалып жатқан іс-шара да мемлекеттік қолдаудың бір көрінісі деп білеміз. Сондықтан да біздің қоғамда әйел-ананың орны құрметпен бағаланады. Әйел араласқан қай істе де береке бар, - деді ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева.

Сондай-ақ «Самұрық-Қазына” Акционерлік қоғамы да әйел басшылардың санын арттыруды қолға алған.

Қор гендер теңдігі бойынша мемлекет саясатын толық қолдайды. Біз өз компанияларымыздың басқару органдарында әйелдер санын арттыру бойынша міндеттеме алдық, - дейді “Самұрық-Қазына” АҚ төрағасы Нұрлан Жақыпов.

«Гендерлік теңдік» бағдарламасы әйел басқарушыларға жеке өсуді, әлеуетті және көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін жоба. Бүгінгі таңда жобаға 142 әйел өтініш білдірсе, соның 71-і сәтті аяқтаған.