27 Наурыз 2023 2023, 13:02 Фото: qazaqstan.tv

Айдың соңғы күндері күн райы қандай болады?

Ел аумағының батыс бөлігінде төмен қысымның әсеріне байланысты тұрақсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ел  аумағының батыс бөлігінде төмен қысымның әсеріне байланысты тұрақсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Сондай-ақ, фронтальды бөлімдердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қар, жаяу бұрқасын болады.

29-30 наурызда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағаймен жаңбыр жауады. 

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады деп болжануда.

30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 аяз-5 болады.