Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырмағандарға үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал кәсіпкер Айдын Рахымбаев facebook-тегі парақшасында 9-шы күн ауырып жатқанын жазды. Бірақ ол ауру жеңіл өтіп жатқанымен бөлісті. Себебі, ол ағзасын баптаған екен. Кәсіпкер өз тәжірибесінің тұжырымы бойынша азаматтарға кеңес берді.
Қазір ауырғандар саны өте көп. Бірақ ,90% - ы әлі жұқтырмағандар, алайда қауіп өте жоғары. Бүгінде бұл ауруды емдейтін вакцина жоқ, сондықтан ауру оңай өту үшін жағдай жасап, антиденелерді алуға әрекет жасау керек. Осы орайда бірқатар кеңес берер едім, - дейді Рахымбаев.Кәсіпкер ауырған адамдармен байланыста болса да, бірнеше рет жұқтырудан құтылғанын айтты.
Тіпті, бір күні шағын ұшақта маңызды іс-сапармен бес адам күні бойы бірге болдық. Соның өзінде төртеуі індетті жұқтырып, мен ғана аман қалдым. Организм бірнеше рет ауруға тойтарыс беріп, сынамалар теріс болды. Вирус жұққан күннің өзінде де ауру оңай өтеді . Оның құпиясы қандай? Себебі, мен оған дайындалдым. Бұл гипотеза жұмыс істейді, - деді ол.
Вирус адамның екі мүшесін зақымдайды: өкпе және иммунитет. Сол үшін екеуін қамдау керек.
1. Өкпеде қарапайым өмірде жұмыс істемейтін және әртүрлі бактериялар жиналатын жоғарғы және төменгі аймақтар бар. Ал вирус түскен жағдайда бұл жерлер қабынуға, яғни пневмония үшін қолайлы болады. Бұл ошақтың өзегі. Сондықтан күн сайын таза ауада тыныс алу жаттығуларын бірнеше рет жасау керек, олар интернетте бар. Мен өзім таңертең 30 минут жүгіремін.
2. Иммунитетті 2-3 апта ішінде көтеруге болады. Бұл үшін қажетті дүние: а) түнде ұйқы ұзақ әрі дұрыс болуы керек. б) витаминдермен қаныққан, алкогольсіз дұрыс тамақтану . в) жұмыста жүктемені азайту, шамадан тыс шаршамау, стресстен аулақ болу. г) таза ауадағы белсенділік, ол – дұрыс ұйқы мен иммунитеттің кепілі. Вирустармен күрес алдында денені баптау керек.
Спортшыларға жүктемені төмендетуді ұсынамын, себебі, үлкен жүктеме кезінде иммунитет құлайды, ал бұл қазір біз үшін қауіпті. Біз қандай спортшы болсақ та, иммунитетті көтеріп, ағзаға жәрдемдесуіміз керек. Бұл өте маңызды.
3. Қосымша C және B витаминдерін тұтыну. Сондай-ақ, сарымсақ экстраты немесе сарымсақтың өзін күніне 3 рет пайдалану керек. Организмді витаминдермен жоспарлы және ұзақ уақыт қанықтыру керек.
4. Барлық жараларыңызды алдын ала емдеңіз, соққыны күтіп отырмаңыз. Сонымен қатар, мұздай су мен кондиционерлерден аулақ болыңыз. Вирус ескі ауруларды асқындырып, иммунитетті әлсіретеді. Бұл бойынша қарттардың жағдайы ауыр, әрине.
Бұл шаралардың барлығы сізге 2-3 апта ішінде денеңізді КВИ-ге барынша дайындауға көмектеседі. Егер мұқият дайындалсаңыз, онда ауру жұқпайды немесе симптомсыз өтеді, симптом болған күннің өзінде мен сияқты жеңіл еңсеретін боласыз, - деп кеңес берді Рахымбаев.Ол қазір 9-шы күн ауырып жатқанын айтты.
Ешқандай дәрі-дәрмектерді, антибиотиктерді пайдаланбаймын, оларды жағдай ушыққан кезде пайдаланбаса, қауіпті. Тек витаминдер ішуді жалғастырып, таза ауамен белсенді тыныс алып жүрмін. Симптомдардан тек температура алғашқы екі күнде сәл көтерілді. Жүгірудің алғашқы күні жеңіл ентігу болды. Әлі бапталған ағза вирусты жеңген жоқ, - деді ол.Кәсіпкер адамдарды алдын ала дайындала беруге шақырды.
Алда қанша ай мен уақыт бар. Уақытты босқа жұмсамай, дайындалыңыз, қамданыңыз. Қол қусырып, жағдайыңыз нашарлап кеткенін күтпеңіз. Организмді баптауға қымбат дәрі емес, табиғи витаминдер қажет. Ауруды жеңіл өткізу - басты міндет. Денені жаттықтырыңыз, сол кезде ауру сізді дендей алмайды. Біз өзімізді қамдайық, ал дәрігерлер бізден үлкен адамдарды емдесін. Әйтпесе, сұмдық болайын деп тұр. Ауырмаңыздар, - деді Рахымбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Назарбаев Люксембург Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы