Айдын Рахымбаев LRT-ның құрылысына не себепті қарсы екенін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. BI-Group басшысы Айдын Рахымбаев елордадағы LRT-ның құрылысына неге түбегейлі қарсы екенін айтты. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Біріншіден, LRT-ның құны $1,5 млрд қаржы, қосымша $300 млн құйылғаны тағы бар. Жалпы $1,8 млрд қаржы жұмсалады. Екіншіден, оның жұмысын жүргізу үшін жылына $50 млн қажет. Билеттердің сатылымынан түскен қаржы бұл шығындардың бір бөлігін де жаппайды. Бұл алдағы 20 жылда $1 млрд қаражат жұмсау қажет деген сөз. Үшіншіден, несиелік қарыз бойынша жылдық төлем шамамен 3,5%, ол тағы $600 млн-ды құрайды, - деп шығынды есептеп жазған.

Оның айтуынша, құрылысты аяқтау және LRT жұмысын жүргізу үшін қалалық қазынадан шамамен 3,4 миллиард доллар қаржы жұмсалады. Құрылысшылар құрылысқа қанша қаражат кететінін есептеген.

Біз құрылысшы ретінде 2021 жылы материалдардың, металдың және ақша құнының қымбаттауына байланысты бұл сома 4 млрд долларды құрайтынын біліп отырмыз. Жиырма жылдан кейін күрделі жөндеу және әртүрлі техникалық құралдарды ауыстыру қажет болады. Сонымен қатар транзиттік тасымал  үшін, мысалы, 34 миллион 5 вип автобусын сатып алып, бір бағытта әр 15 минут сайын жүріп тұратын ол автобустарды әр 4 жыл сайын жаңартып отыру керек болады. Бірақ LRT құнының 1% үшін $34 млн және $3,4 млрд қаржы жұмсалады, - деп жазады ол.

Сондай-ақ айдын Рахымбаев жазбасында оның қала тұрғындарына тіпті қажет емес екенін айтады. «Жер үсті» метросы 5-10 миллион халқы бар әлемдегі ең ірі қалаларда, салынатынын, тиісінше, оларда жолаушылар саны да көп екенін де жазады.

Енді ең бастысы - бұл ақшаның барлығы қалалық бюджеттен 20 жыл ішінде, жылына $170 - 200 млн қаражат алынатын болады. Сондай-ақ бұл ретте басты проблеманы - оң және сол жағалау арасындағы кептеліс мәселесін шешпейді және жалпы алғанда, тек вокзалдан әуежайға дейін бірнеше транзиттік жолаушыларды тасымалдайтын болады. Қала қазынасынан жылына 170-200 миллион доллар жұмсау нені білдіреді? Тек елордада ғана емес, сонымен қатар шеткері аудандарда да жыл сайын 10-15 мектеп немесе жалпы 200-300 мектеп, яғни осындай жеңілдетілген несиені 2 жыл ішінде ЛРТ орнына жүздеген мектеп пен көпірлер және жолдар салуға болады. Сондықтан BI компаниясы LRT құрылысына қарсы бірінші жыл қарсы шығып отырған жоқ.  Айта кету керек, бізге серіктес болу туралы ұсыныс жасалды, бірақ біз түбегейлі бас тарттық, - дейді BI басшысы.

Сонымен қатар ол бағандардың бір бөлігін бұзуды ұсынды. Ал кейбір бөлігін урбанистердің көмегімен қалалық ландшафт үшін пайдалануға болатынын айтады. Желідегі жазбасында оларды қандай жағдайда қолдануға болатынын да айтты.

Біз бұл уақытқа дейін қаланы абаттандыру үшін бағандарды қолдану идеясын ұсынған болатынбыз. Мысалы, халық тығыз орналасқан бөлігінде аллея, веложол, ал қыста шаңғы трассасы, кафе мен демалуға арналған орындар салуға болады, бірақ ол да ақшаға келіп тіреледі. Бұрын жазғандай, мен LRT құрылысын негізсіз деп санаймын және бастапқыда салу туралы шешім қате болды. Мұны мойындау қажет және қарызды көбейте беруден гөрі жұмсалған ақшаны есептен шығару керек. Менің ойымша, бір кездері басшылыққа ұсынылған есептеулер өрескел қателіктермен берілген, сондықтан осындай жағдайға орын алып отыр. Бұл тек біздің елде ғана емес, мысалы Бразилия, Филлипин және т.б. де болған. Бағандардың бір бөлігін, яғни 230 данасын бөгендерді бекіту үшін Есіл арқылы өтетін көпір құрылысына пайдалануға болады, олар жай қалмайды, - дейді ол.

Айдын Рахымбаев Президенттің Мәжілістегі отырыста LRT-ға қатысты жасаған мәлімдемесінен соң тағы бір мәрте оларды жолдардан мүлдем алып тастауға дайын екенін жазған болатын.

Кеше мен қуаныштан оларды алып тастауға дайын екенімізді жаздым, тағы бір мәрте растауға дайынмын. Тек құрылыс жалғаспаса болғаны. Беріктігі жоғары бетоннан жасалған 250 тонналық колонналарды бөлшектеуге де аз қаражат кетпейді, бірақ мұндай шығынды жобаны тоқтату, біз  сияқты елорда тұрғындары үшін аса маңызды. Салықтарымыздың негізсіз жұмсалғанын қаламаймын, - деп жазады ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы