Айдос Сарым жемқорлықты қалай тоқтатуға болатынын айтты

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жемқорлықты заңдар емес, қоғам тоқтата алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жемқорлықты заңдар емес, қоғам тоқтатады. Қоғамның мәдениеті, медиа сұраулар мен пікірталас, азаматтардың белсендігі ғана тоқтата алады. Басқа жол жоқ. Мысалы, бізде өңірлерде бір-екі белсенді азамат мемлекеттік сатып алуды қадағалап, әкімдерге жол талғамайтын көлік не үшін қажет деп хат жазып, сұрайды, - дейді Мәжіліс депутаты.

Оның сөзінше, бұл жемқорлықпен күресудің айқын көрсеткіші.

Депутат барлық азамат жемқорлықпен күресте белсенді болуы керегін айтты.

Кейбір өңірде азаматтық белсенділікті мүлдем көрмейміз. Дәстүрлі 5-6 үкіметтік емес ұйым ғана жұмыс істейді. Барлық өңір белсенді атсалысуы керек, - деп есептейді Сарым.

Еске сала кетейік,  Қазақстанда пара беруге уәде ету, пара беруді ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылғаны туралы осыған дейін жаздық. Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық корпус қатарына қосылған жаңа депутат Асылбек Нұралин ант берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы