Айдос Сарым: Шын еліне жаны ашыған адам бүгінгі күні көшеде емес үйде отыру керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым елдегі ахуалға қатысты пікір білдірді.
Оның мәлімдеуінше, республикадағы азаматтардың наразылығын пайдала отыра кем дегенде 3-4 елден келген арнайы армиялық басқа тәртібі мен дайындығы бар азаматтар мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастыруға тырысқан.
Мұның кесірінен көптеген бейтарап адам, әскерилер сондай-ақ полицейлер зардап шегіп отыр. Сондықтан бұл жағдайда халыққа айтар бір ған уәжім ол мүмкіндігінше үйде отырып сабыр сақтау керек сияқты. Кез келген мәселені жағдай тұрақталғаннан кейін бейбіт жолмен диалог арқылы шешуге болады. Оның толық кілтипаны мүмкіндігі инструменті механизмі бар. Қазіргі басты мәселе – елді аман алып қалу. Егемендікті сақтап қалу мәселесі. Шын еліне жаны ашыған адам бүгінгі күні көшеде емес үйде отыру керек. Болмаған жағдайда полицейлер мен әскерилерге көмектесіп, бейбіт арнаға бұру бағытында атсалысу қажет. Әрине, арнайы қызметкерлер өзінің конституциялық қызметтерін жақсы біледі, - деді Айдос Сарым.
Саясаттанушы қазіргі жағдайдың ойыншық еместігін ескертті. Оның айтуынша, ойынның, әңгіменің, бөспе сөздің уақыты өткен.
Қазір елге шын жаның аши ма? Сабырлық сақтап, Мемлекет басшысының нақты қадамдарын қолдау керек. Басқа жол жол, -деді ол.
Сондай-ақ Айдос Сарым Төтенше жағдай кезінде интернеті өшірудің аса маңыздылыққа ие екенін атап өтті.
Өздеріңіз білетіндей, мәселенің бәрі Алматыда жүріп жатыр. Кеше Көктөбе үшін екі рет айқас болды. 5 телеарнаның кеңсесі өртелді. Өкінішке қарай, солардың ішінде біздің телеарнаның алтын қоры да кетті. Бүкіл лаңкестік топтардың ойы мен ниеті телеарнаны басып алу арқылы эфирге шығып өз жақтастарын көтеру болатын. Сол себепті де елімізде интернет әлсін-әлсін жұмыс істеді. Бұғанда төзіммен қарау керек сияқты. Жағдай тұрақталатын болса, алматыдағы лаңкестер толығымен құрықталса онда бәрі бұрынғы қалпына келеді. Бейбіт өмірге бәрібір келеміз. Өкінішке қарай бар мәселе адамның құны мен шығынына тіреліп тұр, - деді Сарым.