Айдос Сарым ақша үшін хиджаб киген қыз-келіншектер туралы ойын айтты

Егер оқырманы көп болса, салық төлесін. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым еліміздегі хиджаб киген қыз-келіншектер туралы пікірін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қоғамда өнер саласында жүрген миллиондаған оқымандары бар қыз-келіншектер оранып кетті. Олар қоғам тарапынан көп сынға ұшырап жатыр. Сіз осы мәселені бақылап отырсыз ба және екіге жарылған тараптың ойы дұрыс па, бұрыс па?, - деп сұрады Ulysmedia тілшісі депутаттан.

Бұл жерде екі мәселе бар. Біріншісі – адамның ұстанымы, оның ішінде діни ұстанымы. Егер адам өз еркімен осындай жолға түстім, тақуалыққа бет бұрдым десе, ол сол адамның жеке құқығы. Оған теріс пікір айтудың немесе қолдаудың қажеті жоқ. Екінші жағынан оның артында бизнес тұруы мүмкін деген пікір бар. Жақында ғана Парламент онлайн жарнамаға қатысты заң жобасын жұмысқа алды. Егер желідегі контенттің ақысы төленген болса, салығын төлесін, жарнаманың ақылы екенін көрсетсін. Мәселен, теледидарды қоссаңыз, жаңалықтың жаңалық екені, жарнаманың жарнама екені айқын көрініп тұрады. Газет-журналдарда да ақылы материалдар арнайы белгімен таңбаланады, - деді Айдос Сарым.

Сарым қоғамдағы кейбір азаматтардың Пәкістан, араб елдерінің киім үлгісіне еліктейтінін айтады.

Қазақ әйелдері орамал тақты, кимешек киді. Біз өзіміздің этно-мәдени құндылықтарымызды, дәстүрлерімізді дәріптеуіміз керек. Оның ішінде сән саласында да. Жуырда президенттің өзі айтты емес пе, біз әдемі бешпент, қамзолдарымызды тек мереке кезінде ғана емес, күнделікті тұрмысымыздың бір бөлігіне айналдыруымыз керек. Сонда ғана ұлт ретіндегі ерекшелігімізді көрсете аламыз. Қырғыздар қайда барса да айырқалпағын киіп жүреді емес пе, – деп түсіндірді депутат.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы