Айдос Сәкенов Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Айдос Мерекеұлы Сәкенов Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Айдос Сәкенов 1987 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Лидс университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің пайдалану басқармасы сарапшысының м. а. болып бастады.
2009-2014 жылдары — Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған.
2014-2016 жылдары — Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің сарапшысы.
2016-2018 жылдары — Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы.
2018-2020 жылдары — Павлодар облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары.
2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.