Айдос Ербосынұлы рингке қашан оралатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) рингке қашан оралатынын мәлімдеді.
Ол келесі жекпе-жегін 28 наурызда Квебекте (Канада) өткізеді. Ербосынұлының қарсыласы канадалық Тим Кронин (12-5-2, 3 КО) болады, ал қазақстандық WBC Asia, WBA International және WBO Global-ға тиесілі супер орта салмақтағы барлық үш чемпиондық белбеу үшін күреседі.
Жекпе-жек он раундқа есептелген.
Соңғы өткізген жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы желтоқсан айында ганалық боксшы Исса Самирмен (19-1, 16 КО) рингке шығып, оны үшінші раундта нокаутқа жіберді. Сол жекпе-жекте Ербосынұлы өзінің барлық үш титулын сәтті қорғап шыққан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО арқылы өтетін М-38 жолының барлығы ақылы болады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы