Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, - делінген Жарлықта.

Сапаров Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы совхоздың бухгалтері болып бастаған.

1992-1995 ж.ж. – зоотехник-орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры.

1995-2003 ж.ж. – директор, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры.

2003-2005 ж.ж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.

2005-2006 ж.ж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.

2006 ж. – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.

2006-2008 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2008-2010 жж. – Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

2010-2011 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.  

2011 ж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

 2019 жылғы 18 наурызда Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы