Айдапкелов санаққа бөлінген қаржының қанша теңгесі игерілгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Үкімет отырысында айтты.

2018-2023 жылдарға арналған ұлттық халық санағын қаржыландырудың қажетті көлемі 9,1 млрд теңгені құрайды, оның қазіргі уақытта 3,5 млрд теңгесі игерілді. Санақ барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарға сәйкес 2021 жылғы 17 мамырдан бастап БАҚ арқылы халық арасында жаппай түсіндіру жұмыстары басталды, - деді ол.

Айдапкелов атағандай, ҰСБ жанынан баспасөз орталығы ашылды.

«2021 жылғы ұлттық халық санағының» ресми өкілі тағайындалды, сондай-ақ ҰСБ департаменттерінің баспасөз хатшылары тағайындалды. Қазіргі уақытта бекітілген Медиа-жоспарға сәйкес республикалық, өңірлік БАҚ-та және танымал әлеуметтік желілерде 17 387 материал мен жарияланымдар орналастырылды, халық санағын ақпараттық сүйемелдеу және бұқаралық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Онлайн режимде санақ жүргізу кезеңінде ұялы телефон нөмірлері үшін  8 800 080 0878 және стационарлық телефон нөмірлері үшін "1446" Call-орталық көзделген, - деді Айдапкелов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы