"Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда

Мәдениет және ақпарат министрлігі "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына шығармаларды қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында үшінші рет өткізіледі.

Ұлттық сыйлыққа "Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік драматургия", "Үздік әдеби аударма", "Үздік балалар әдебиеті", "Үздік әдеби сын", "Үздік комикс" номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.

Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

Өтінім 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

Толық ақпаратты www.aiboz.kz сайтынан және +7 747 839 8910 нөмірінен біле аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы