"Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
Биыл бесінші рет ұйымдастырылатын ұлттық сыйлыққа "Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік драматургия", "Үздік әдеби аударма", "Үздік балалар әдебиеті", "Үздік әдеби сын" және "Үздік комикс" номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.
"Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл бесінші рет ұйымдастырылатын ұлттық сыйлыққа "Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік драматургия", "Үздік әдеби аударма", "Үздік балалар әдебиеті", "Үздік әдеби сын" және "Үздік комикс" номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.
Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.
Өтінім 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. Толық ақпаратты www.aiboz.kz сайтынан немесе +7 707 333 5610 нөмірі бойынша білуге болады.
- Қазақстанда кітапхана саласын цифрландыратын LABA платформасы іске қосылды 14:22
- Қазақстан статистикасы ЭЫДҰ сарапшыларын таңғалдырды 13:51
- Астанада жүк көлігі өртеніп, тағы екі көлік зақымданды 13:29
- Математиктер 90 жыл шеше алмаған есепті OpenAI шешті 13:06
- ADCB Kazakhstan қаржыландыру көлемін 3 есе арттырады 12:45
- «Үйдің жағдайы өте жақсы деді»: Ұлдана Мырзуан ісінде сотталушы жауап берді 12:40
- Алматылықтар тротуар плиткаларын қайта ауыстыру жұмыстарына наразылық білдірді 12:37